Келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

Интернет бойынша полисқа тапсырыс беру

Сақатндыру полисына онлайн тапсырыс беру, төлем картасымен немесе жеткізген кезде қолма-қол төлей аласыз.

Көптеген компаниялардың  қызметі әріптестер мен тұтынушылар, сонымен қатар үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікпен жиі байланысты болады. Кез келген оқыс немесе қызметкердің қателігі зиян шеккен жаққа орнын толтыруды жүргізумен байланысты айтарлықтай қаржы көздерін жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Сақтандыру компаниясының орнын толтыруы, егер Сіз уақытында «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясының азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыруын алсаңыз жүзеге асуы мүмкін.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік — заңсыз бұзылған құқықтарды орнына келтіру, мүліктік зиянның орнын толтыру, орындалмаған міндетті мәжбүрлеп орындату. Бұзылған құқықтардан қорғау ерекше үрдістегі тәртіпте жалпы құзырындағы, сарапшы және үшінші жақтағы соттармен жүзеге асырылады.

Не сақтандырылуы мүмкін?

Сақтандыру нысаны болып Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен орнатылған, оның жауапкершілігімен байланысты, тұлғаның мүліктік мүддесі, Сақтандырушымен сақтандырылған қызметті жүзеге асыру кезінде үшінші тұлға өміріне, денсаулығынанемесе мүлігіне тигізген зиян шығынының орнын толтыру табылады.

Біздің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисіміз негізінде сақтандырудың келесі класстары бойынша компанияның жауапкершіліктері жабылады:

  • Қандай да бір үрдіс кезінде, үшінші тұлғалар алдында АҚЖ сақтандыру;
  • Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
  • Өндірушінің тауар сапасы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Қандай тәуекелдерден сақтануға болады?

Сіз азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру полисін бізден сатып алып, келесі тәуекелдерден қорғаласыз:

  • Үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зияннан;
  • Үшінші тұлғалардың мүліктеріне келтірілген зияннан;
  • Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зияннан.

Бағалы саясат

Сақтандыру құны толтырылған Сұрақнама-өтініш негізінде анықталады.

Сақтандыру көрсеткішінің жоғарылығына әсер ететін жағдайлар:

  • Сақтандырушының кәсіби қызметінің түрі;
  • Кәсіби қызметті жүзеге асырушы жұмысшылардың тәжірибесі мен сапасы;
  • Шығарылатын өнім мінездемесі;
  • Сақтандырушы шығындарының тарихы;
  • Сақтандыру мерзімі және т.б.

Сақтандыру сомасы — нысан сақтандырылған және сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Сақтанушының жауапкершілік көлемінің белгілі шегін көрсететін ақша сомасы. Сақтандыру сомасы жақтардың келісімімен орнатылады.

Сақтандыру сомалары орнатылады:

  • Мүліктік шығын бойынша;
  • Физикалық шығын бойынша;
  • Ластандыру салдарынан қоршаған ортаға келтірілген шығын бойынша.

Шығынның орнын толтыру қалай жүзеге асады?

  • Мүліктік шығын бойынша — төлемдер франшизаны қоса есептегенде, нақты шығын көлемінде жүзеге асады;
  • Физикалық шығын бойынша — төлемдер алдын ала анықталған төлемдер көрсеткіші бойынша немесе сот шешімімен жүзеге асады;
  • Қоршаған ортаға келтірілген шығын бойынша — алаңдарды тазалаумен байланысты төлемдер, франшизаны қоса есептегенде, нақты шығын көлемінде жүзеге асады;

«Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы сақтандыру қорғанысының сенімділігі мен төлемдердің жылдамдығына көп көңіл аударады.

Білу маңызды

Сақтандыру келісіміне отыру кезінде франшиза орнатылады.

Франшиза — шығынды өтеу кезінде Сақтандырушының жеке өзі қатысуы, яғни сақтанушы келісімде белгіленген сомадан аспайтын шығын үшін жауапкершілік алмайды. Франшиза валюталық түрде, сондай-ақ сақтандыру сомасының пайыздары түрінде де болуы мүмкін.

Франшиза мүліктік шығын және қоршаған ортаға келтірілген шығын бойынша орнатылады. Физикалық шығын бойынша франшиза, ережеге сәйкес орнатылмайды.

«Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясында азаматтық-құқықтық жауапкершілігіңізді сақтандыра отырып, Сіз көптеген мәселе туғызатын жағдайлардан аулақ боласыз.

Сұрақ қою