Полисқа онлайн-тапсырыс

Полисқа онлайн-тапсырыс

Пікірлер мен ұсыныстар

Пікірлер мен ұсыныстар

Пікірлер кітабы

Бізбен байланысыңыз

Call center: 8 800 080 3030
(Қазақстан бойынша тегін)

+7 (727) 311-0-777
e-mail: info@laic.kz

Толық байланыс ақпараты

Заңды тұлғалар үшін міндетті экологиялық сақтандыру

Интернет бойынша полисқа тапсырыс беру

Сақатндыру полисына онлайн тапсырыс беру, төлем картасымен немесе жеткізген кезде қолма-қол төлей аласыз.

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы әрекет етуге енгізілді.

Аталған Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді, және де оны өткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін орнатады.

Сақтандыру нысаны

Міндетті экологиялық сақтандыру нысаны болып Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен орнатылған, оның жауапкершілігімен байланысты, тұлғаның мүліктік мүддесі, экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру  кезінде үшінші тұлға өміріне, денсаулығына, мүлігіне және (немесе) қоршаған ортаны апатты ластау нәтижесінде оның тигізген зиян шығынының орнын толтыру табылады.

Экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

Экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызмет түрлерін іске асырушы тұлғалардың, өз істерін міндетті экологиялық сақтандыру келісімінсіз жасауға құқылары жоқ.

Экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызмет түрлерін іске асырушы нысанның тек бір ғана иесі болған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру келісімі олардың кез келгенімен сақтандыру полисінде сақтандырушылар ретінде нысанның барлық иелерін көрсетілген жағдайда жасалады.

Келісімнің әрекет ету мерзімі

Міндетті экологиялық сақтандыру келісімі оның күшіне енген күнінен бастап он екі айдан көп емес мерзімге жарамды болады.

Сақтандыру сомасының көлемі

Егер сақтандырушы қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін нысан иесі ретінде сақтандырған болса, онда міндетті экологиялық сақтандыру тек қоршаған ортаға тигізген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың бір бөлігінде жасалады.  

Сақтандыру сомасының көлемі міндетті экологиялық сақтандыру шартындағы екі жақтың келісімі арқылы белгіленеді, бірақ сақтандыру сомасының көлемі мына көлемнен аз болмауы керек:

  • 65000-республикалық бюджет туралы заңмен орнатылған, қаржылық жылға, заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру келісімі жасалған күнге сәйкес, бір айлық есеп көрсеткіші;
  • 17000-егер міндетті экологиялық сақтандыру келісімі қоршаған ортаға тигізген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың бір бөлігінде ғана жасалған болса, онда республикалық бюджет туралы заңмен орнатылған, қаржылық жылға, заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру келісімі жасалған күнге сәйкес, бір айлық есеп көрсеткіші.

Сақтандыру көрсеткіші

Сақтандыру сомасынан 0,76 дан 2,65 пайызға дейін (бірінші жағдай)
Сақтандыру сомасынан 0,59 дан 2,05 пайызға дейін (екінші жағдай)

Келісімнің әрекет ету мерзімі

Міндетті экологиялық сақтандыру келісімі оның күшіне енген күнінен бастап, он екі айдан аспайтын мерзімге жарамды.

Сұрақ қою