Бізбен байланысыңыз Call center: 8 800 080 3030 +7 (727) 311-0-777 Қызметі үшінші тұлғаларға тигізетін зиян қатерімен байланысты нысандар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Интернет бойынша полисқа тапсырыс беру
Сақатндыру полисына онлайн тапсырыс беру, төлем картасымен немесе жеткізген кезде қолма-қол төлей аласыз. Қызметі үшінші тұлғаларға тигізетін зиян қатерімен байланысты нысандар қатарына, кәсіпорындар және (немесе) олардың цехтары, жер бөліктері, аумақтар, сонымен қатар міндетті сақтандыруға жататын (N580-II Заңның 5 бабы), Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, тәртіп бойынша мемлекеттік реестр тіркеуіне жататын нысандар кіреді. Қызметі үшінші тұлғаларға тигізетін зиян қатерімен байланысты нысандар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру нысандары болып, қызметі үшінші тұлғаларға тигізетін зиян қатерімен, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен орнатылған оның жауапкершілігімен байланысты, нысан иесінің мүліктік мүддесі, қызметі үшінші тұлғаларға тигізетін зиян қатерімен байланысты нысанда болған апат нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлігіне және (немесе) өміріне, денсаулығына тигізген шығынның орнын толтыру табылады. Сақтандыру сомасы Сақтандырушы мен Сақтанушының келісімі бойынша орнатылады, алайда Заңмен орнатылған сақтандыру сомасынан аз болмау керек:
Сақтандыру сыйы — келісім бойынша нысан иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру сыйының көлемі, жақтардың келісімі бойынша, қызметі үшінші тұлғаларға тигізетін зиян қатерімен байланысты нысандардың санатына байланысты, сақтандыру сомасының көлемінен 0,72 ден 2,02 пайызға дейін көлемде орнатылады. Нақты бір нысан үшін сақтандыру көрсеткішінің ең көп мөлшері өндірістің көлеміне, оның өндірістік мінездемесіне, нысандағы қауіпті заттар көлеміне, пайда болған апат деңгейіне, шамамен болатын шығын көлеміне және мүмкін болатын зиянына, орналасу орындары мен басқа да жағдайларға байланысты орнатылады. |