Бізбен байланысыңыз Call center: 8 800 080 3030 +7 (727) 311-0-777 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (АҚЖМ)
Интернет бойынша полисқа тапсырыс беру
Сақатндыру полисына онлайн тапсырыс беру, төлем картасымен немесе жеткізген кезде қолма-қол төлей аласыз. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру — бұл, жол полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігімен және тех.төлқұжатпен бірге міндетті түрде көрсетуіңізді талап ететін нәрсе. АВТО АҚЖМ полисі не үшін қажет?Полис Сіз кінәлі болған жағдайда орын алған ЖКА нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды үшінші тұлғаға өтеуге кепілдік береді. Полис Сіздің автокөлігіңізді қорғамайды, алайда Сіз өміріне, денсаулығына және/немесе мүлігіне зақым келтірген адамның шығынын өтеуге кепілдік береді. АВТО АҚЖМ сақтандыруының құны байланысты болатын, жағдайлар:
Сақтандыру сыйы көлемі есебінің «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық міндетті сақтандырылуы туралы» Заңымен анықталған біріккен тәсілі бар. Демек, нақты автокөлік үшін міндетті сақтандыру құны барлық сақтандыру компанияларында бірдей болады. Полистің әрекет ету мерзімі — 1 жыл. Сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайында зардап шеккен жаққа қанша төлейді?
Маңызды: «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясынан авто АҚЖМ бойынша полисті сатып алу кезінде Сіз шығынның тура реттелуін кепілді түрде аласыз. Бұл ЖКА кезінде Сіз АҚЖМ полисі бойынша төлемді ЖКА кінәлі жақтың компаниясынан емес, өз сақтанушыңыздан ала аласыз дегенді білдіреді. Көлік құралдары иелерінің міндетті сақтандыру жауапкершілігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған кінәлі тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапқа тартылады.Сіздің қалауыңыз бойынша АҚЖ ерікті сақтандыру келісіміне отырып, жауапкершілік шектерін өсіруге болады. |