Бізбен байланысыңыз Call center: 8 800 080 3030 +7 (727) 311-0-777 «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы«Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясының негізі 1997 жылдың 20 қарашасында қаланған. Компания стратегиясы — біздің жасап жатқандарымыздың барлығында сапаны сақтау, және де ішкі үрдістер мен сақтандыру қызметтерін ұдайы күнделікті жетілдіріп отыру. Стратегия негізінде бизнестегі пайда біздің өнімдеріміз бен қызмет көрсетуіміз туралы жақсы пікірдегі және бізге өздерінің достарын, туыстары мен таныстарын әкелетін тұрақты тұтынушыларымыздан келетінін түсіну жатыр. Сондықтан да біз үнемі тұтынушылардың көңілінен шығуымыз керек. Exclusive журналының зерттеулеріне сәйкес біздің компания Қазақстандағы жақсы атағы бар 50 компания ТОБЫНА жатады. Кез келген бизнестің даму стратегиясы міндетті түрде өзіне топты қалыптастыру — сұрыптау, мотивация, қызметкерді оқыту және жетілдіру тапсырмаларын алады. Біз осы бағыттағы барлық өзгерістердің қорытындысын біздің Тұтынушымыз сезінетіндігін білгендіктен, осыған аса көңіл бөлдік. Топтық жұмыстың арқасында біз күн сайын тамаша нәтижелерге қол жеткіземіз — біздің қызметкерлер қызықты бизнес-жобаларға айналатын өз ойларын іске асырады, жұмыстары өнімдірек болады және өз жұмыстарын сүйеді. Күшті құрылған топ бізге алдағы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз. |